Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

AstanaTV
29.04.2016ж. 20:00
1558
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар басталып та кетті. Бүгін  Астанада «Ұлттық медициналық холдингтің» ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының  «Ұлы Дала елі» деп аталатын партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты - Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың мәдени-рухани құндылықтарын нығайту. Сондай-ақ, халықтың бірлігін қалыптастыру арқылы отансүйгіштікті күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді сақтау болып табылады. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы депутаттары мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты. Жиналғандар медицина қызметкерлерінен құралған өнерпаздардың орындауындағы концертті тамашалады.

Шолпан Бөлекбаева, балаларды оңалту ұлттық орталығы директоры:

Бейбітшілік болса, барлығы да болады, ал соғыс болып жатса, ешбір береке болмайды. Сондықтан айтарымыз, ауызбіршілікте болайық, «бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған, барлығымыз бір ел болып, бірге болайық. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА