Қызылорда облысында 25 автокөлік қар
құрсауында қалып қойған. 80 жолаушы тікұшақпен
қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз
қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, наурыздың төрті
күні «Қызылорда-Жезқазған» автожолы бойындағы қар астында бірнеше автокөлік
батып қалған. Оның ішінде жолаушысы жоқ 4
автобус, 4 шағын автобус, 13 жүк және 4 жеңіл көлік болған. Оқиға орын алған
жерден отандық Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қаз әуе құтқару»
мекемесінің МИ-8 тікұшағы 80 жолаушыны құтқарды. Қазіргі таңда жолды тазалау
жұмыстары жалғасуда.
Жұрағат БАМАН