Ауқатты америкалықтарға салынатын
салықты арттыру қажет. АҚШ президенті Барак
Обама Конгресске осындай міндет жүктеді.
Америкада 2015 жылдың бюджеті таныстырылды.
Онда байларға салықты арттыру арқылы, орта тап қатарына қосу көзделген.
Осылайша қазынаға жылына 651 миллиард доллар табыс түседі деген болжам бар.
Обаманың ойынша, бұл шара ел
экономикасына оң ықпал етеді. Енді аталмыш
құжатты Конгресс талқыға салады. Десе де, кейбір конгрессмендер
оны «жауапкершіліктен жұрдай жоба» деп бағалап та үлгерді. Сондай-ақ, АҚ үй басшысы қаржыны үнемдеу мақсатында әскерилер санын
азайтуды да көздеп отыр.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА