$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Қытай билігі экологияға зиянды көліктерге тыйым салмақ

AstanaTV
06.03.2014ж. 10:00
2003
Қытай билігі экологияға зиянды көліктерге тыйым салмақ

Қытай Халық Республикасында экологияға зиянды көліктерге тыйым салынбақшы. Енді елде қоршаған ортаға улы қалдықтарды көп шығаратын көліктердің жүйіткуіне жол берілмейді. Сондай-ақ, көмірмен жұмыс істейтін электр стансалары да жаппай жабылмақ. Осылайша Қытай билігі халықты тұншықтырып жатқан тұманмен күреспек.

Айта өтейік, соңғы бір неше жылда Қытай көшелерінде жүру мұңға айналған. Қалың тұман басып жатыр. Билік бұған қарсы күрес, елде кедейлікке қарсы күреспен бірдей жүргізілетінін атап өтті. Стансалардың жабылуы елде электр энергиясының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, әр тұрғынға жарықты тұтыну лимиті белгіленіп берілмек. Қазір ел астанасында ауадағы улы заттар қалыпты нормадан бірнеше есе артып кеткен.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах