Астанадағы нәзік жандылар - ең
тәртіпті жүргізушілер. Олар автокөлік басқарғанда, өздерін дұрыс ұстайды, әрі
жол қозғалысы ережелерін бұзбауға тырысады. Елорданың
әкімшілік полиция басқармасы мереке қарсаңында осындай мәлімде жасады.
Статистикаға сәйкес, әрбір бесінші
көлікті әйел адам басқарады. Нәзік жандыларды
тек жеңіл автокөліктің тізгінінен ғана емес, «Газель», «Джип» сияқты алып темір
тұлпарлардың рөлінен көруге болады.
Жол-патрульдік полицияның мәліметінше,
әртүрлі заң бұзушылықтар немесе жол-көлік апаттары үшін ұсталғандар қатарында
әйелдер сирек кездеседі: әрбір 30 жүргізушінің ішінде тек бір ғана әйел осындай
құқық бұзады екен. Көлік жүргізуді үйрену
кезінде де теорияны көбірек оқып, тәжірибеге уақытын еселеп жұмсайтын -
әйелдер. «Өйткені, нәзік жандылар үшін көлік тек қолайлы қозғалыс құралы ғана»,
- деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасы.
Сымбат МОЛДАТАЙ