$455 €492.13 ₽5.94
×

Атырау экологтары «Атырау мұнай өндеу зауыты»-нан 24 млн теңге өндіріп алмақ

AstanaTV
06.03.2014ж. 13:00
719
Атырау экологтары «Атырау мұнай өндеу зауыты»-нан 24 млн теңге өндіріп алмақ

23 миллиард 700 миллион теңге. Атырау облыстық экология департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауытынан» осындай мөлшерде өтемақы талап етуде. Зауыт бұл соманы факелды құрылғыда қышқыл газды белгіленген көлемнен артық жағып ауаны ластағаны үшін төлеуі тиіс.

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі баспасөз қызметінің ақпарына сай, жоспардан тыс тексеру Атырау облыстық прокуратура тарапынан өткізілді. Сондай-ақ, аймақтағы экология департаментінің мамандары тартылған.

Белгілі болғандай, күкірт өндіру құрылғысының факелды жүйесінде қышқыл газ көп мөлшерде асыра жағылуына жол берілгенін осы тексеру анықтаған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА


  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах