$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраудың экология департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауытынан» 23 миллиард 700 миллион теңге өтемақы талап етуде

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
1289
Атыраудың экология департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауытынан» 23 миллиард 700 миллион теңге өтемақы талап етуде

23 миллиард 700 миллион теңге. Атырау облыстық экология департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауытынан» осындай мөлшерде өтемақы талап етуде. Зауыт бұл соманы факелды құрылғыда қышқыл газды белгіленген көлемнен артық жағып ауаны ластағаны үшін төлеуі тиіс. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі баспасөз қызметінің ақпарына сай жоспардан тыс тексеру Атырау облыстық прокуратура тарапынан өткізілді. Сондай-ақ аймақтағы экология департаментінің мамандары тартылған. Белгілі болғандай күкірт өндіру құрылғысының факелды жүйесінде қышқыл газ көп мөлшерде асыра жағылуына жол берілгенін осы тексеру анықтаған. 


Ғажайып Күмісбек, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз хатшысы:


"Атырау мұнай өңдеу зауыты" күкірт өндіру факелді жүйесінде қышқыл шикі газдың белгіленген мөлшерден 693 мың куб метр көлемінде асыра жағылуына жол берілгендігі анықталды. "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің талаптарына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік істер қозғалды.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА