$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Қазақстанның алты электр стансасында отын тапшылығы сезілуде

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
759
Қазақстанның алты электр стансасында отын тапшылығы сезілуде

Қазақстанның алты электр стансасында отын тапшылығы сезілуде. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі энергетикалық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үнемсіздік салдарынан алты электр станса өздеріндегі қатты отынның тәуліктік қорын азайтып алған. 20 тәуліктік қорды - «Теплокоммунэнерго» стансасы 8 тәулікке, «Қарағанды энергоорталығы» 12, «Астана энерго» 16, «Алматы электр стансалары» 14, «Кентау сервис» коммуналдық кәсіпорны 4 тәулікке дейін отын пайдалану мөлшерін асырған.

«Ал күз және қыс мезгілінде қордағы отынды максималды түрде пайдаланғанның өзінде ара-қашықтығы 100 шақырым жерде шығын көлемі 10 тәулік қордан аспауы тиіс». Ведомствоның баспасөз қызметі осылай хабар таратып отыр. 

Жұрағат БАМАН  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах