«Мектеп директоры - жұмыстан кетсін!» Бұл Тараздағы №25 мектеп мұғалімдерінің талабы. Жиналған ұстаздар бүгін базыналарын ашық айтты. Қит етсе қудалайтын директордан қорқып қалған олар басшылықтың "жағымсыз кадрды" жұмыстан кетіруді науқанға айналдырғанын айтады. Данияр Әлімқұл толықтырады.
25-мектептегі ашынған ағарту мамандарының тілек-талабы осы. Былтырғы жылдың қарашасында басшы боп келген Эльмира Өмірбекова мектеп пен әскери бөлімді шатастырып алған дейді. Тіпті дөрекі директордан ауыр сөздер естідік деген ақ жаулықты ұстаздардың етегі жасқа толды.
Сара Көшербаева, Тараз қ. №25 мектептің мұғалімі:
Оқушылар мен, мен деп жауап беріп жатса, "Неге шулап жатыр? Мынау сабақ па?" деп
оқушылардың алдында менің беделімді түсіреді. Практиканттардың алдында менің
беделімді түсіреді. Арызыңды жаз да, өз еркіңмен жұмыстан кет дейді. Мен не 30
жыл бойы еңбек етіп, осындай дөрекі сөзді есту үшін жұмыс істедім бе?
Сандуғаш Әлиева, Тараз қ. №25 мектептің бұрынғы мұғалімі:
Өз еркіңмен кетпесең, мен сенің түбіңе жетемін, қайда барсаң, онда бар.
Менің крышам бар дейді облыстық мәслихатта. Бүкіл коллектив міне артымда тұр
ғой. Кетпеңіздер деп менің атымнан талай-талай жыласа да, басымды ауыртпайын
дедім де, басқа жұмысқа ауысып кеттім.
Білім шаңырағында 46 мұғалім жұмыс істейді. Олар осында оқитын 446 оқушының
алдында, басшымыз жұмысымызды жоққа шығарып, абыройымызды түсіріп бітті деді.
- Мына кісінің мен сабағына қатыстым. Пожалуйста, сабағы нөл! - Менің сабағымды нөл деп айтатын кімсіз? Біз Елбасына дейін барамыз. - Барыңыз барыңыз. Елбасы сізді тегі қарсы алайын деп тұр. Керемет
былай қарсы алайын деп тұр.
72 жылдық тарихы бар мектеп, 1997 жылдан бері толықтай қазақ мектеп болып
қайта жасақталған. Дегенмен, бұл білім ошағында соңғы 3 жылда 6 директор
ауысыпты.
Эльмира Өмірбекова, Тараз қ. №25 мектептің директоры:
Мен ешқашанда бұл мектептен кетпеймін. Кетсе, білім бере алмай ма, кетсін
өздері. Бұл кісілер азанда ғана маған «Саламатсыз ба, Элмира Кеңесбаевна» деп
келген кісілер. Қазір енді орысша айтқанда маска киіп апыпты.
Қалалық білім бөлімі болған жайттан хабардар екен. Дегенмен, ешкім жұмыстан
қуылмайды деп уәде етті.
Уәлихан Байдуанов, Тараз қ. әкімдігі қалалық білім бөлімі бастығының
орынбасары:
Қазір 25 мектеп бойынша Тараз қалалық білім бөлімі хабардар. Тиісті шаралар
қазіргі таңда қолданып жатырмыз. Алдағы уақытта шешімі шығады бұл мәселенің.
ешқандай мұғалім жұмыстан қуылмайды.
Осылайша ұстаздар мен директор арасындағы дауға қашан нүкте қойылары әзірге
беймәлім. Дей тұрғанмен, келеңсіздік шешілмей мұғалімдер оқушыларды біліммен
сусындату екінші орынға қала беретінін жасырмайды.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ