Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қашағанды игеріп жатқан «Аджип» пен «NCOC» компаниялары ауаны ластағаны үшін өтемақы төлеуі мүмкін

AstanaTV
07.03.2014ж. 20:00
1171
Қашағанды игеріп жатқан «Аджип» пен «NCOC» компаниялары ауаны ластағаны үшін өтемақы төлеуі мүмкін

Қашағанды игеріп жатқан «Аджип» пен «NCOC» компаниялары ауаны ластағаны үшін өтемақы төлеуі мүмкін. Табиғатқа келген зиян мөлшері 134 миллиард теңгеден асады. Бұл жөнінде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Айыппұл көлемі «қоршаған ортаға келтірілген залалға байланысты экономикалық баға беру» тәртібі бойынша анықталған. Ал ауаға тарап кеткен зиянды қалдық мұнай кешенінде жанған қышқыл газдан шығуы мүмкін.

Кен ошағындағы тексеріс қыркүйекте басталып, жарты жылға жалғасқан. Нәтижесінде, жарылған газ құбырларынан қалған қалдықтар зауыттың шырақтарында жағылу арқылы жойылғаны анықталды. Жанып кеткен қышқыл газ көлемі ресми ақпаратқа сәйкес үш триллион текше метрге тең. Қазір әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, Қазақстандағы ауқымды кен орнында бірнеше төтенше жағдай орын алған. Апат «Д» жасанды аралындағы ұңғымаларда болды. Ал Қашағандағы мұнайдың болжамды қоры 10 миллиард тонна, газ - 1 триллион текше метрге дейін. Теңіздегі мұнайды игеру - әлемдегі ең ірі жоба болып есептеледі. 


Сымбат МОЛДАТАЙ