$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Түркістанда жүзден астам үйдің тұрғыны табиғи газға қол жеткізді

AstanaTV
10.03.2014ж. 20:00
1133
Түркістанда жүзден астам үйдің тұрғыны табиғи газға қол жеткізді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі шаһар - Түркістанда жүзден астам үйдің тұрғыны табиғи газға қол жеткізді. Олар экологиялық таза әрі ыңғайлы отын түрін пайдалана бастады. Бұған дейін көмірмен от жағып, сығымдалған баллонмен күнелтіп келген.

Еске салайық, Түркістанға табиғи газ өткен желтоқсан айында жеткен болатын. Енді тұрғын үйлерге біртіндер құбырлар тартылып, ел иглігіне беріле бастады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан қаласындағы қала ішілік жерасты газ құбырларын жүргізу жұмыстарын осы жылдың 1 наурызынан бастап кіріскен.

Бұл жұмыстар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының бойындағы елді мекендерді газдандыру жөніндегі жоспар-кестеге сай жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде бес шақырымнан астам газ құбыры төселді. Өтінім берген 210 үйдің 100-ден астамына үйішілік газ құбыры тартылып, табиғи газ берілді. Жыл соңына шейін алғашқы кезекте жеті мың отбасы газбен қамтылады деп күтілуде.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ