Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ангела Меркель Қырымдағы референдумның заңсыз екенін айтты

AstanaTV
10.03.2014ж. 20:00
803
Ангела Меркель Қырымдағы референдумның заңсыз екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелескен Ангела Меркель Қырымдағы референдумның заңсыз екенін айтты. Германия канцлері бұл референдум халықаралық құқық пен украина заңына қайшы екенін алға тартқан.


Ал Украинаның шығыс бөлігінде Ресейді жақтаушылар жаппай шерулер өткізіп жатыр. Мысалы Донецктегі наразы топ Украина жалауының орнына Ресей туын тігуде. Жергілікті халық Донецк облысында орыс тілінің мәртебесін қайта қалыпқа келтіріп, "халық губернаторы" Павел Губаревтың бостандығына қол жеткізбек.

Қырым жұртшылығы да Ресейдің қоластына кіруді құптап отыр. Симферопольде 10 мыңнан астам адам орталық алаңға жиналып, алдағы референдумды жақтады. Ал жергілікті билік Ресей Федерациясына қараған күнде Қырым автономиясы парламенттік республика статусын сақтайды деп үміттеніп отыр.


Әлия ӘШІМ