$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Украинадағы ахуалды талқылады

AstanaTV
11.03.2014ж. 13:00
919
Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Украинадағы ахуалды талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Украинаның аймақтық тұтастығын сақтауды қолдайды. Қазақстан және Америка Құрама Штаттары президенттері телефон арқылы тілдесу барысында осы позицияны құптады деп, Ақ үй баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, америкалық президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хабарласып, Украинадағы ахуалды талқылады. Барак Обама өз сөзінде мәселенің бейбіт жолмен шешілуін жақтайтынын айтты.

Сондай-ақ, «Орталық Азияда орналасқан Қазақстанның Украина проблемасын шешуде белсенділік танытуын» сұрады. Екі мемлекет басшысы да Украина мен Ресей арасындағы айтыс «егемендік, әрі аймақтық тұтастық принциптері» негізінде шешілуі тиіс деп есептейді.

Сымбат МОЛДАТАЙ