Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Дүниежүзілік банк Украинаға 3 млрд доллар беруге әзір

AstanaTV
11.03.2014ж. 10:00
823
Дүниежүзілік банк Украинаға 3 млрд доллар беруге әзір

Дүниежүзілік банк 2014-жылы Украинаға 3 миллиард доллар бөлмек. Экономикалық реформа өткізу үшін бөлінген қаржы туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Дегенмен, Украина мемлекетіне қаржы бөліп отырған ұйым өз талаптары мен шарттарын әзірге жасырын қалдырыпты. Банк басшылығының айтуынша, олар бұл әрекеті арқылы Украина билігіне қолдау білдірмекші.

Еске салайық, бұған дейін Киевке қаржылық көмек жағынан Америка Құрама Штаттары мен Еуроодақ қол ұшын созды. Вашингтон қаржылық қиындықта қалған Киевке бір миллиард доллар, ал Еуроодақ 11 миллиард еуро бөлетінін айтты.

Ал Украинаның қаржы министрлігі болса, қаржылық көмекті Халықаралық валюта қорынан күтеді. Сәуір айына жоспарланған көмектің нақты соммасы әзірге белгісіз, валюта қорының мамандары ойланып отыр.

Айта кетейік, Украина Үкіметі елдегі экономикалық жағдайды қалпына келтіру үшін 35 миллиард доллар қажет деп жариялады. Еуроодақ мүшелері украиналық тауарларды өз нарығында қолдануға асықпай отыр. Бірақ ортақ тауар нарығының пайда болатынын жоққа шығармайды.

Сымбат МОЛДАТАЙ