Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Германияда жарылыс салдарынан көп қабатты үй құлады

AstanaTV
11.03.2014ж. 10:00
652
Германияда жарылыс салдарынан көп қабатты үй құлады

Германияда жарылыс болып, салдарынан тұрғын үйдің күл паршасы шықты. 11 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, тағы бір тұрғын оқиға орнында қаза тапты.

Оқыс оқиға Ицхеко қаласының көп қабатты тұрғын үйінде орын алған. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қирап қалған үйде бар болғаны 11 адам өмір сүріпті. Дегенмен, жарылыс кезінде олардың барлығы үйде болған-болмағаны беймәлім. Жарақат алғандардың кейбірі ғимараттың жанынан кездейсоқ өтіп бара жатқан. Құтқарушылар әлі де өз жұмыстарын жалғастырып жатыр, олар тас талқаны шыққан үйінділердің астында тұрғындар қалып кетуі ықтимал дейді. Жарылыстың себептері анықталған жоқ.

Тергеушілердің алдын ала жасаған болжамынша, жарылыс тұрғын үйдің жанында жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына байланысты болуы мүмкін. Газ құбырына байланысты шығуы да ықтимал.

Сымбат МОЛДАТАЙ