$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Украинамен шекаралас Польша мен Румынияға НАТО ұшақтары жіберілді

AstanaTV
11.03.2014ж. 13:00
792
Украинамен шекаралас Польша мен Румынияға НАТО ұшақтары жіберілді

Польша мен Румыния жеріне басынан бақайшығына дейін арнайы жабдықталған НАТО-ның барлаушы ұшақтары бет алды. Олар радиоанықтаушы, арнайы авиациялық кешенмен толыққанды жабдықталған.

Солтүстік атлант Альянсының өкіліне сілтеме жасап, осы ақпаратты жеткізген ВВС арнасының хабарлауынша, барлаушы ұшақтар Румыния мен Польшаның әуе кеңістігін күзетеді. Сөйтіп, Украинадағы өршіп тұрған жағдай туралы жан-жақты ақпарат алуға көмектеседі.

НАТО өкілінің хабарлауынша, бұл шара «Украинадағы жағдай туралы толыққанды ақпарат анықтау үшін» арнайы жасалған. Барлық барлаушы ұшақтардың ұшып-қонуы тек НАТО ұйымына мүше елдер аумағында ғана жүзеге асатыны белгілі болды.

Сымбат МОЛДАТАЙ