Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жоғалған ұшақтың екі жолаушысы Ираннан келген иммигранттар болып шықты

AstanaTV
11.03.2014ж. 13:00
831
Жоғалған ұшақтың екі жолаушысы Ираннан келген иммигранттар болып шықты

Жұмбақ жағдайда жоғалған малайзиялық «Боинг 777» лайнеріне ұрланған құжатпен отырған екі жолаушы Ираннан келген иммигранттар болып шықты. Бұл туралы "Дейли Телеграф" хабарлап отыр.

Бұдан бұрын, интерпол ұшақтағы екі жолаушының ұрланған құжатпен ұшқанын растаған. Себебі, қолды болған құжат иелері австриялық - Кристиан Козил мен итальяндық - Луиджи Маралди қазір өз үйлерінде отыр. Екі азамат та құжаттарының жоғалғанын хабарлап қойған. Батыс басылымдары жалған құжатпен ұшқан ирандықтың досынан сұхбат алыпты. Малайзиялық тұрғын досының құжатты сатып алып, Бейжің арқылы Еуропаға аттанбақ болғанын айтады.

Айта кетейік, ұшақтың апатқа ұшырағанын айғақтайтын дәлелдер әлі табылған жоқ, бірақ тергеушілер террорлық акт жағдайын да қарастырып отыр.

Естеріңізде болса, Куала-Лумпур қаласынан Бейжіңге бағыт алған Малэйжн эйрлайнс компаниясына тиесілі «Боинг 777» ұшағы әуеге көтеріліп, 19-шы минутта жоғалып кеткен. Ұшақ бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болды.

Әлия ӘШІМ