Алматыда құрылыс материалдарын сататын - «Азат» сауда үйі отқа оранды. Төтенше жағдай жөніндегі қызметтің мәліметі бойынша, қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Адамдар дін аман. Оқыс оқиғадан сатушылар абдырап қалған. Куәгерлердің айтуынша, өрт күндізгі 11-ден өте басталған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төрт қабатты ғимараттан 45 адамды тысқа шығарды. Бір сағатқа жуық лаулаған өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен 80-нен аса маман жұмылдырылды. Өрт себебі әлі анықталған жоқ.
Ольга
Петрова,
куәгер:
Было
три хлопка, редкий дым, и ничего дальше, начали все выбегать, спасать вещи,
товар, технику.
Паника, конечно, была, люди начали бегать, паника, начали вытаскивать вещи.
Гүлшат
Дәуренбекова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Құрылыс
материалдары мен сауда үйіндегі кеңселер өртенді. Өрттің неден тұтанғанын
Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің анықтау тобы анықтап жатыр.
Досжан
МАРАТҰЛЫ