Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбеде 8 отбасы бір мезетте баспанасыз қалды

AstanaTV
11.03.2014ж. 20:00
951
Ақтөбеде 8 отбасы бір мезетте баспанасыз қалды

Ақтөбеде 8 отбасы бір мезетте баспанасыз қалды. Кеше екі қабатты 8 пәтері бар ескі үй өртке оранған. Төтенше оқиғаның куәгерлері жарылыс болғанын айтады. Жалын әп-сәтте үйдің шатырына шапқан. 60 өрт сөндіруші бірнеше сағат тілсіз жаумен арпалысқанымен, ағаштан салынған баспана толығымен өртеніп кетті. Қыстың қаһары қайтпаған сәтте баспанасыз қалған тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрауда. Құжаттан өзге дүние-мүлкін өрт жалмаған зардап шегушілер жедел жәрдемнің көмегіне де жүгінген.


Арман Ілиясов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:


Туып өстім сол үйде. Содан кейін көрдім қалай жанып тұрғанын. Өзімнің үйімнің қалай жанғанын. Бәрін көрдім. Стресс болған болар. Түнде енді тумаларда болдық. Бірақ олардың өздерінің семьясы бар. Біздер 5 адамбыз. Енді бірдеңе қылып сыйдық. Не істейміз енді?


Мансұр ЕСҚОЖИН