Украинаның биліктен тайған президенті бүгін тағы да экранға шықты. Виктор Янукович Ресейдің Ростов-на-Дону қаласынан онлайн трансляция арқылы баспасөз мәслихатын өткізді. Ол тағы да ақталып, Украинада 25 мамыр күні өтетін президент сайлауы заңға қайшы деген пікірін айтты. Ал көмекті - АҚШ-тан сұрамақ.
Виктор
Янукович,
Украинаның экс-президенті:
Мен
Украинадан қашқан жоқпын. Радикалдар қолына
қару алып, үкімет ғимараттарын басып алғанда, мен Харьковте болған едім. Кейін Донецк пен Қырымға
аттандым. Қайталап айтамын, мен Украинадан қашқан жоқпын. Елге әлі қайтып
барамын. Мен әлі тірімін. Бірақ көңілім
күпті. Өйткені елде бассыздықтар басылар емес. Ұлтшылдар мен неофашисттер
президент орынтағынан үмітті. Мен 25
мамырға белгіленген президент сайлауын заңсыз деп санаймын. Сайлау еліміздің
ата заңына сай емес. Сондықтан нәтижесінде жасақталатын билік те заңсыз болады.
Виктор Янукович өзінің әлі де Украинаның заңды
президенті, жоғары бас қолбасшысы екенін айтты. Өкілеттігімді мерзімінен бұрын
тоқтатқан жоқпын. Халықаралық биліктен
елде арандатушылықты
қолдамауды сұраймын дейді ол.
Айтуынша,
радикалдарға бір миллиард АҚШ доллары
көлемінде қаржы бөлініпті.
"Алайда
АҚШ-та заңсыз билікке қаржылай көмек көретуге
тыйым салынған. Сондықтан АҚШ
Конгресіне, сенатына,
жоғары
сотына дейін арызданамын. Мұндай қателікке
жол берілмеуі тиіс", - дейді.
Сондай-ақ Янукович Украинаны әлеуметтік-экономикалық тоқырау күтіп тұрғанын
ескертті. "Украина қиын-қыстау заманды бастан өткереді. Ел еңсесін көтеріп,
халықтың санасы оянатынына кәміл сенемін",-
деді.
Ләйлә
ҚАЗИЯҚПАРОВА