$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Автокөлік бақылау жүйесінің дәлдігіне қостанайлық көлік жүргізушілері күмәнді

AstanaTV
12.03.2014ж. 10:00
1140
Автокөлік бақылау жүйесінің дәлдігіне қостанайлық көлік жүргізушілері күмәнді

Автоматтандырылған автокөлік бақылау жүйесіне қостанайлық көлік жүргізушілерінің көңілі толмайды. Өңірдегі ірі кәсіпорын өкілдері "таразы көлікке тиелген жүк салмағының мөлшерін артығымен көрсетеді", - дейді.

Аймақ жолдарындағы автоматтандырылған автокөлік бақылау жүйесі іске қосылғаннан бері қостанайлық кәсіпкерлерге 325 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері тек ақпан айында артық жүк тиеген 490 көлікке хаттама жіберген.

Алайда өңірдегі ірі кәсіпорын өкілдері қомақты айыппұлды төлегісі жоқ. Өйткені олар жүктің салмағын кәсіпорында орнатылған таразыға салып, алдын-ала тексереді. Яғни жүкті тасымалдау ережесіне сай жөнелтеді. Бірақ жол бойындағы арнайы өлшем құралы үнемі артығымен көрсететін көрінеді. Таразы басын теңестіру үшін көліктік бақылау инспекциясы мен кәсіпорын өкілдері бірлесіп өлшем құралдарын салыстырғалы отыр.

Роберт Юсупов, Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы:

Қос тарапты ортақ шешімге келтіру үшін комиссия құрылмақ. Комиссия кәсіпорын мен жол бойындағы арнайы өлшем құралын салыстыруға қатысады. Бұл шара эксперимент ретінде өткізіледі. Сондықтан, оған қатысатын жүк көлікті таңдап аламыз. Әуелі жүк тиеген көліктің салмағын кәсіпорында, кейін автоматтандырылған бақылау құралында өлшейміз.

Заңғар САНАЙ