Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Союз ТМА» ғарыш кемесінің астронавттары Қарағандыны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

AstanaTV
11.03.2014ж. 20:00
872
«Союз ТМА» ғарыш кемесінің астронавттары Қарағандыны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қарағандылықтарға ғарыштан тосын сый. «Союз ТМА» ғарыш кемесінің астронавттары кеншілер шаһарын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұған қоса ғарышкерлер қала басшысы Мейрам Смағұловқа арнайы сыйлықтарын табыс етті. {+ШУМ}


Ғарыш экипажы бүгін таңертең Жезқазған жеріне сәтті қонды. Халықаралық ғарыш станциясынан ресейлік Олег Котов пен Сергей Рязанский және америкалық Макл Хопкинс оралды. Басында ғарыш кемесінің қонуы ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылмақ болған. Алайда төңірек толық тексерістен өтіп, қонуға рұқсат берілді.

Жерге дін аман жеткен экипаж мүшелеріне қарағандылықтар тарту таралғылар табыстады. Жалпы бұл экспедицияның маңызы зор. Себебі экипаж ашық ғарышта бірқатар тапсырмаларды орындады. Ғарышкерлер тіпті Юрий Гагариннің туған күнін, Қарағандының 80 жылдық мерейтойын ғарыш станциясында қарсы алды.


Жұрағат БАМАН