$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Түркия наразылық акциясына шыққандарды күштеп таратты

AstanaTV
12.03.2014ж. 10:00
990
Түркия наразылық акциясына шыққандарды күштеп таратты

Түркияда қаза тапқан он бес жасар бозбала жаңа қақтығыстарға себеп болды. Қазір елдің екі ірі қаласында студенттер мен полицейлер жаппай жұдырықтасып жатыр.

Түркия астанасы Анкарада тәртіп сақшылары жолды бөгеп тастаған студенттерге қарсы суатқыштар мен көз жасауратқыш газ қолданып жатыр. Ал бозбала қаза тапқан Стамбулдағы аурухана маңында бірнеше адам тәртіпсіздігі үшін ұсталып, қамауға алынды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, студенттер тағы бірнеше қаладағы сабақты тежеп тастады.

Еске салайық, өткен жылдың маусымында болған жаппай наразылық салдарынан 15 жасар Беркин Эльван қаза тапқан. Ереуілшілерге қатысы жоқ, тек дүкенге бара жатқан баланың басына газ гранатасы тиіп, бозбала оқыстан қаза тапты.

Аталмыш оқиғадан кейін ел оппозициясы биліктің сақтық деп жасалып жатқан қатаң шараларын айыптаған.

Полицейлер баланы жазым етті. Бозбала қаны кексіз кетпеуі керек, әділ шешім талап етеміз. Тапа тал түсте еш айыбы жоқ баланы біреу өлтіріп жатса, бұл жауапсыз қалу керек пе?

Әлия ӘШІМ