$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтауда өткен жылдың қараша айында пойызбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісіне сотта соңғы сөз берілді

AstanaTV
12.03.2014ж. 20:00
1189
Ақтауда өткен жылдың қараша айында пойызбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісіне сотта соңғы сөз берілді

Сотталушыға соңғы сөз берілді. Ақтауда өткен жылдың қараша айында пойызбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісі соттан қатаң жазаламауын сұрады. Битқожа Сүндетов темір жол өткелінде мұнай тиелген пойыз құрамының жолын кесіп өтпек болған. Нәтижесінде темір жол көлігіне соқтығысып, оқиға орнында 24 жастағы машинист көмекшісі көз жұмды. Ал машинисттің денесінің 30 пайызын күйік шалып, ауруханаға жатқызылған болатын. Артынша іс қозғалып, ол ақпан айында сот қарауына түскен.

Алғашқы отырыста куәгерлер мен зардап шегуші тараптар тындалды. Сот отырысында белгілі болғандай, қаза тапқан машинист көмекшісінің жақындары айыпталушыны кешірген. Көлік жүргізушісінің туыстары материалдық көмек көрсетіпті. Ал машинист оқиғаға кінәлі Битқожа Сүндетовты заң алдында қатаң жауапқа тарту қажет деді. Жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Бүгін 52 жастағы сотталушының үкім алдындағы соңғы сөзі тыңдалды, ал үкім ертең шығады.


Битқожа Сүндетов, айыпталушы:


Мен өз кінәмді түсіндім. Зардап шегуші жақтан кешірім сұраймын. Жанұямдағы жалғыз асыраушы болғандықтан, соттан қатаң жаза қолданып, түрмеге жаппауды өтінемін.


Мансұр ЕСҚОЖИН