Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ірі мегаполистерде баспана бағасы бұрынғы қалпында сақталады

AstanaTV
12.03.2014ж. 20:00
981
Ірі мегаполистерде баспана бағасы бұрынғы қалпында сақталады

Алматылық риэлторлардың болжамы бойынша,  ірі мегаполистерде баспана бағасы бұрынғы қалпында сақталады. Өткен аптада ғана бұқаралық ақпарат құралдарында Астана мен Алматы қалаларындағы баспана құны, осы жылдың аяғына қарай 50 пайызға дейін арзандауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Бұл болжамды құптамайтын риэлторлар бүгін журналистерді жинады. Олардың ойынша, тек тұрғын үй бағасының теңге девальвациясына дейінгі кұны төмендеуі мүмкін. "Ал баспана құнының төмендеуіне ешқандай негіз жоқ", - дейді. «Себебі Астана мен Алматыда баспана алам деушілердің қарасы көп. Ал сұраныс бар жерде баға еселенбесе, төмендемейді», - дейді. Сондай-ақ шет елден келетін құрылыс материалдарының да бағасы артқан. Бұл өз кезегінде жаңа баспаналардың қымбатауына әкелмек.


Наталья Рыжкова, жылжымайтын мүлік агенттігінің жетекшісі:


Егер баспана арзандайтын болса, оны ешкім сатпайды. Керісінше жалға беріп қояды. Тұрғын үй бағасы сәл көтеріліп немесе түсіп жатса ол мезгіліне байланысты.  Ал девальвацияның салдарынан баспана 20%-ға дейін қымбаттаса, бұл баға бұрынғы қалпына келеді. Оның өзінде тек 10%-ға ғана төмендейді. Сол арқылы 2014 жылдың ағына дейін баға бұрын қалай болды сол қалпында сақталады.


Досжан МАРАТҰЛЫ