Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазіргі таңда шетелде 232 қазақстандық ғалым еңбек етуде

AstanaTV
12.03.2014ж. 20:00
1410
Қазіргі таңда шетелде 232 қазақстандық ғалым еңбек етуде

Қазақстандық ғалымдардың елге оралғысы жоқ. Қазіргі таңда шетелде 232 қазақстандық ғалым еңбек етуде. Олардың басым бөлігі Израиль, АҚШ, Ресей, Канада және Ұлыбританияда. 2013-2014 жылдары елге «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған тек 28 ғалым оралған. Дегенмен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов алаңдауға негіз жоқ деген пікірде.


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:


Назарбаев университеті туралы айта аламын. Сол жерде жиырмадан астам ғалым жұмыс істейді осы Қазақстанға қайтып келген. Оларға қазір барлық жағдайларды жасап, лабораториялар ашып, қазір олар жұмыс істеп жатыр. Бірақ олардың шетелдік лабораториялармен қарым-қатынасы үзілмеуі керек. Өйткені ол өте маңызды мәселе.


Сондай-ақ биыл Астанада физика пәні бойынша халықаралық олимпиада ұйымдастырылатыны белгілі болды. Білім додасына әлемнің 80 елінің үздік оқушылары жиналмақ. Жалпы қазақстандық тәлімгерлер аталмыш пән бойынша халықаралық олимипидаларда 967 медаль алған. Оның 188-і алтын.  Осыған орай министр білім додасына қатысатын жастармен жүздесіп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.


Жұрағат БАМАН