Павлодарда жойқын жел балабақша
шатырын ұшырып әкетті. Оқиға кеше кешкісін шамамен сағат 9-да қала шағын
аудандарының бірінде болды, - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.
Куәгерлердің айтуынша, 250-300 шаршы
метрді құрайтын шатыр аталмыш балабақшаның ауласына түскен. Жапа шеккендер мен шығын жайында әзірге ақпарат жоқ.
Сонымен қатар, ТЖД Павлодар облысында желдің екпіні секундына 18-ден 27 метрге
дейін күшейетінін хабарлады.
Валерий Андриянов, Павлодар облысы бойынша Төтенше
жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Облыс азаматтарын берік
бекітілмеген заттар мен желмен көтерілуі мүмкін мүліктерін бекітулерін, шама
келгенше ашық алаңдарға шықпауларын сұраймыз. Себебі, секундына 27 метр екпінімен соғатын жел өте күшті болады.