Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Таразда шәкірттеріне есірткі сатқан мектеп мұғалімі қолға түсті

AstanaTV
13.03.2014ж. 10:00
1036
Таразда шәкірттеріне есірткі сатқан мектеп мұғалімі қолға түсті

Жамбыл облысында шәкірттеріне есірткі сатқан мектеп мұғалімі қолға түсті. Білім ұясын бизнес орнына айналдырған ұстаздың үйінен 34 пакет гашиш тәркіленген.

Ол тоғыз жылдан бері Меркі ауданындағы орта мектепте ағылшын пәнінен сабақ берген. 44 жастағы келіншек екі баланың анасы. Оңай олжалы болудың жолын тапқан азаматшамен алты адам сыбайлас болғаны белгілі болды. Қылмыстық топтың жетекшісі - мұғалімнің азаматтық некедегі күйеуі. Оларға енді есірткі дайындау, сату, тасымалдау баптары бойынша айып тағылуда. Қолына кісен салынған азаматтардың екеуі - Тараздың, бесеуі - Меркі ауданының тұрғындары. Дерекке қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Шопырхан
Жапабаев, Жамбыл облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқарма бастығы:

Істеген қылмыстарын дәлелдеп отырмыз. Сол себепті істегенін мойындап отыр. Өйткені алдым деген адам, оқушыларда болды. Ия
мен осыдан алғам деп отыр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ

)

Алдыңғы жаңалық