Спорт Қазақстан
$457.61 €493.07 ₽4.99
×

Оралдық жастар сайлауға белсене қатысты

AstanaTV
20.03.2016ж. 14:00
1537
Оралдық жастар сайлауға белсене қатысты

Парламенттің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға оралдық жастар белсене қатысып жатыр. Оралдағы оқу орындарының студенттері сайлау учаскелерінің алдына ұзын-сонар кезекке тұрған.

Алмас Ғабдеше, сайлаушы:

Әрбір Қазақстан азаматын елдегі саяси жағдай алаңдатуы керек. Мен бүгін таңсәріден тұрып, өз даусымды беріп, өз таңдауымды жасадым.  

Жастардың белсенділігін комиссия өкілдері де растады. Өңірдегі сайлаушылардың үштен бірін жастар құрайды екен. Сайлауда бағын сынамақ болған үміткерлер де айтарлықтай «жасарған».

Ғайса Қапақов, БҚО сайлау комиссиясының төрағасы:

Үміткерлердің 22 пайызы жастар. Ең жас кандидат 1995 жылғы болса, ең үлкені 1936 жылы туған азамат.