$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Астанада Ресейден импортталатын сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

AstanaTV
13.03.2014ж. 20:00
1465
Астанада Ресейден импортталатын сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

Астанада Ресейден импортталатын сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды. Бұл жөнінде тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары хабарлады.

Тұрсын Жағпарованың айтуынша, олар тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдерімен бірлесіп тексіріс жүргізген. Мамандар ресейлік сегіз түрлі өнімнің құрамынан қауіпті вирустар анықталғанын мәлімдеді.


Тұрсын Жағпарова, «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:


Ең бірінші сүт "Домик в деревне", 6% деген. Россиядан шыққан "Вимбильдан" деген фирмадан. Екіншісі сары май "Вимбильдан" тауары. Ірімшік "Домик в деревне" деген, оның арасынан да сондай шыққан. Сгущенка с сахаром "Любавинка" деген, сүт сгущенка цельное с сахаром "Глав продукт" 8,5 - Ресейдікі. Оның да арасынан шыққан қауіпті микроорганизмдер адам ағзасы үшін. "Молоко Шадринское" 3,2 ультрапастеризованное. "Копмания "Юнимилк" деген оның арасынан ішек таяқшалары  шыққан.


Мамандардың бұл шұғыл хабарын біздің тілшілер әлі де анықтап, қосымша хабарлайды.


Айгүл ӘДЕПБАЙ