$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Украинада митинг жаппай қақтығысқа ұласты

AstanaTV
14.03.2014ж. 13:00
914
Украинада митинг жаппай қақтығысқа ұласты

Донецктегі қақтығыстарда 3 адам қайтыс болды. Бұл - Украинаның бірлігін қалыптастырамыз деп митингке шыққан түрлі топтардың тәртіпсіздігінің салдары. Алайда ереуілшілердің бейбіт бірлік орнатуы екіталай болды. Орын алған ұрыс-керістерде бірнеше адам жарақат алды.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жанжал тудырғандар «еуромайдандықтар» болып шықты. Қақтығыстар барысында жұртшылық жұдырықтасып, пышақтасып қанды қырғынға дейін барған. Мерт болғандардың біреуі суық қарудан көз жұмғандығы белгілі болды. Құқық қорғаушылардың ықпалы арқасында, қатты қырқыстардың алды алынды.

Митингке қатысушы:

Кімнің қай жаққа болысып жатқанында шаруым жоқ. Маған бәрібір. Мен ұрыстарды тоқтатпақ болдым, алайда ақыры өзімді ұрып жықты.