Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Франция мемлекетінде әйгілі «Париж-Ницца» жарысы жалғасуда

AstanaTV
14.03.2014ж. 13:00
1370
Франция мемлекетінде әйгілі «Париж-Ницца» жарысы жалғасуда

Велоспорттан «Тиррено-Адриатико» велокөпкүндігі басталды. Бір апта бойы әлемнің үздік командалары өзара сынға түседі. «Астана» кәсіпқой клубының спортшылары жарысқа жақсы дайындықпен келіп отыр. Бұл бәсекеде негізгі жүк Микеле Скарпони, Янис Брайкович және Танел Тангертке түседі. Дәрежеле жарыс жеңімпазы 6-кезең қортындысы бойынша белгілі болады.




Франция мемлекетінде әйгілі «Париж-Ницца» жарысы жалғасуда. Бұған дейін өткен 4-кезең қортындысы бойынша «Астана» командасының спортшылары үздіктер қатарында. 5-ші кезең Рив-де-Же және Креш-сюр-Сон қалаларының арасында өтті. Бұл сында алдына жан салмаған Колумбия спортшысы Карлос Бетанкур жеңіске жетті. 152 шақырымнан тұратын жарыс жолын Бетанкур 3 сағат 38 минут 15 секундта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен Люксембург спортшысы Боб Юнгельс екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны «Астана» клубының өкілі - даниялық Якоб Фульсанг еншіледі.

Жалпы есепте, айтарлықтай өзгеріс жоқ. 5-кезеңнен кейін ұлыбританиялық Джерейнт Томас көш басында қалды. Одан үш секундқа қалып келе жатқан Германия спортшысы Йон Дегенкольб екінші орында қалса, үшінші орын Голландиялық Том Слегтердің үлесінде. «Астана» командасына келсек, Якоб Фульсанг 6-шы сатыға көтерілсе, команда капитаны Винченцо Нибали 13-ші сатыға тұрақтады. Ол көшбасшыдан небәрі 19 секундқа қалып келеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ