Астанада ірі жол көлік оқиғасынан
бірнеше адам зардап шекті. Астана-Қосшы тас жолында 4 көлік бір-бірімен
соқтығысты. Жолаушылар автобусы КамАЗ көлігімен, ал оған ізімен келе жатқан
басқа екі көлік соқтығысқан. Қатты зардап шеккендер жоқ. Жеңіл жарақат алған
жолаушылар ауруханаға жеткізілген. Дәл қазір
оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жол-көлік апатының себептерін анықтап
жатыр.
Бақытжан Алтыбаев, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция
басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:
Жол көлік оқиғасы болған
жердегі барлық көлік құралдарды тез алу болды мақсат. Жарақат алған адамдарды
тез арада емдеу мекемелеріне жеткізу керек болды. Содан кейін кішкене жолды тоқтаттық. Қазіргі уақытта барлық көліктердің бәрін жолдан алдық. Жол жүрісін жібердік.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА