Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ресейлік сүт өнімдерінде қауіпті микроорганизмдер барын астаналық эпидемиологтар да растады

AstanaTV
14.03.2014ж. 20:00
1610
Ресейлік сүт өнімдерінде қауіпті микроорганизмдер барын астаналық эпидемиологтар да растады

Ресейлік сүт өнімдері құрамында денсаулыққа қауіпті микроорганизмдер барын астаналық эпидемиологтар да растады. Күні кеше "Әділет" тұтынушылар құқын қорғау қоғамдық бірлестігі теріскейден жеткен сүт-ірімшіктің жарамсыздығын айтып, дабыл қаққан. Күдік тудырған өнімдерді екі қайтара зерттеген мамандар қауіпті құрамды анықтады.

Сарқыт Бейсенова, Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісінің міндетін ақтарушы:

Екі түрлі сгущенный сүт. Оның ішінде "Сибирь великая" деген және "Главпродукт"-тің екі сынамасы және "Домик в деревне" деген ірімшіктің сәйкес келмегені анықталды. Қауіпті бактериядан адамға тамақтан улану болуы мүмкін.

Аталған сүт-ірімшік құрамында зең бактериялары шамадан тыс, яғни ашытқысы мөлшерден артық. Бүгінде бұл өнімдер Астанадағы 252 сауда орнына тарап үлгеріпті. Департамент екі күн бұрын ірі тасымалдаушы компанияларға тауарды дүкен сөрелерінен кері қайтаруды талап етті. Содан соң, оның көзі жойылуы тиіс. Ал өнімнің нақты қанша көлемде таралғаны белгісіз. Импорттаушы үш компания да қазақстандық. Әзірге олардың тарапынан жауап жоқ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ