Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шетелдердегі білім ошақтарын бітірген отандық ғалымдардың елге оралуына не кедергі?

AstanaTV
14.03.2014ж. 20:00
877
Шетелдердегі білім ошақтарын бітірген отандық ғалымдардың елге оралуына не кедергі?

Қазақстандық химиктердің жаңалығының арқасында кезінде Ресейде 20-дан астам жаңа зауыт салынған. Бірақ қазіргі отандық ғылым жұмсартып айтқанда тоқтап тұр. Ал шетелдердегі мықты білім ошақтарын бітірген отандық ғалымдардың  елге  оралуына не кедергі?


Елдар Ахметқалиев,  ғалым:


Егер санаңды тұрмыс билеп, тек қаражатты қайдан тапсам екен деген ой тұрса, ғылыммен айналысу мүмкін емес. Ал мен мұнда жұмыс істей жүріп, ғылыммен айналысуға жағдай жасалатынын түсіндім. Тәжірибелі профессорлармен бірге есептер шешемін. Әлемде әлі ешкім айналысып үлгермеген ғылым саласына бойлап, білім жинауға тырысып жатырмын. Сондықтан өзімнің туған еліме оралу туралы ойламаймын.


Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша, шетелде жүрген  230 ғалымның бар болғаны 5 пайызы елге оралған. Кадрлық тоқырауға ұшыраған сала шенділері "отандық ғалымдарды «қайтару» жолынан айнымаймыз" дейді. Олар қайта ма? Тақырыптың жалғасын сенбі күні 20.30. «Біздің уақыттан» көріңіздер! 


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ