$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Қазақстан темір жолы», «Қазмұнайгаз» және «Қазпочта» жұмысын шетелдік менеджерлер жақсарта түспек

AstanaTV
04.04.2014ж. 20:00
1394
«Қазақстан темір жолы», «Қазмұнайгаз» және «Қазпочта» жұмысын шетелдік менеджерлер жақсарта түспек

«Қазақстан темір жолы» мен «Қазмұнайгаз» және «Қазпочта» компанияларының жұмысын шетелдік менеджерлер жақсарта түспек. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бизнесті түрлендіру бағдарламасының алғашқы легіне осы компаниялар еніп отыр. Арнайы өткен жиында директорлар кеңесінің құрамы күшейтілді.

Мәселен, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының директорлар кеңесін Фрэнк Куйлаарс басқаратын болды.  Оның халықаралы менеджмент, қаржы және тау-кен өндірісінде 25 жылдық тәжірибесі бар. Ал «Қазпочтаның» директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Ораз Жандосов кірді. Көп күттірмей «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің құрамы да мықты кадрлармен толықпақ.

Ал ұлттық әл-ауқат қоры өзіне "GeneralElectric" корпорациясында қаржы директоры қызметін атқарған Лариса Зямзинаны шақырып отыр. Оның қаржы саласының жілігін шаққанына 17 жыл. Шетелдік менеджерлер алдына үлкен мақсат қойылған. Үздік халықаралық тәжірибені енгізіп, жоғары нәтижеге қол жеткізу. Сондай-ақ, тәжірибесімен бөлісіп, отандық мамандардың біліктілігін арттыру. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ