Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Балалар үйінің түлегі Нина Назаренконың құжатын "Нұр Отан" реттеп, жәрдемақы алуға көмек берді

AstanaTV
14.03.2014ж. 20:00
1134
Балалар үйінің түлегі Нина Назаренконың құжатын "Нұр Отан" реттеп, жәрдемақы алуға көмек берді

Астана телеарнасы осыдан он күн бұрын екі баламен көк тиынсыз қалған Нина Назаренко туралы баяндаған-ды. Үй-күйсіз, құрсағында сегіз айлық баласы бар ана көшеде ән айтып, ақша тауып жүріпті. Балалар үйінің түлегі Нинаның үйі өртеніп, күллі құжаты жанып кеткен. Сондықтан жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүрген ана жеңілдікке берілетін пәтерден тіпті үміт үзіпті.

Тағдыр тауқыметін тартқан Нина осы күнге дейін қала сыртындағы қираған үйлердің бірінде тұрып келген. Азап көрген ана өмірі телеарнамыздан берілгеннен бері Нинаға жәрдем етуші жомарт жандар көбейіпті. Киім-кешек, ас тасыған адамдар артқан. Ал Нина Назаренконың құжатын Нұр Отан реттеп, жәрдемақы алуға көмек берді.


Руслан Асаубаев, «Нұр Отан» республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы:


Құжаттары және балаларының құжаттары дұрыс емес және нақты тіркелмеген. Сол құжаттарының бәрін біз осы жұмада тиянақтап, дұрыстадық. Және осы айда келесі аптадан бастап жәрдемақы алады деген үміттемін. 


Әлия ӘШІМ