$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елдегі саяси науқанды өткізу үшін барлығы 9 840 сайлау учаскесі ашылған

AstanaTV
20.03.2016ж. 14:00
1515
Елдегі саяси науқанды өткізу үшін барлығы 9 840 сайлау учаскесі ашылған

Елдегі саяси науқанды өткізу үшін барлығы 9 840 сайлау учаскесі ашылған. Сондай-ақ 27 миллионнан аса сайлау бюллетені дайындалды. Оның 9 миллион 89 мың 75 данасы мәжіліс депутаттарын, 18 миллион 321 мың 969 данасы мәслихат депутаттарын сайлау үшін дайындалды.

Ал ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға барлығы 3 жарым мыңдай мандат берілген. Олардың 107-сі мәжіліс депутаты атанады. 98-і партиялық тізімнен ұсынылған. Ал тоғызы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Оларды Ассамблея мүшелері ертең 21 наурыз күні өзара дауыс беріп, сайлайды.

Ал мәслихат депутаттығына барлығы 3335 мандат берілген. Олардың 550-і облыстық, 625-і қалалық, 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланбақ.