$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы 850 мың теңге айыппұл төлейтін болды

AstanaTV
04.04.2014ж. 20:00
1401
Атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы 850 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы 850 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Оған қоса жергілікті мұз айдынында спорттың осы түрінен бұл маусымында ойын өтпейді.

Кеше «Бейбарыс» пен қарағандылық «Арыстан» командалары арасында кездесу өтті. Оны тамашалауға келген көрермендердің бірі тәртіпсіздікке жол берген. "Әділ шешім шығармады" деп төрешіге тиын шашып, әдепсіздік танытқан. Осының салдарынан хоккей федерациясы жергілікті ойыншыларды жазалаған. Екі команда арасындағы ойын 2:3 есебімен "Арыстанның" пайдасына шешілген болатын.

Болат Мұхамбетқалиев, «Бейбарыс» ХК директоры:

Көрерменнің тәртіп бұзушылығы салдарынан хоккей командасына хоккей федерациясы 850 теңге айыппұл салды. Және соңғы бесінші ойын болған жағдайда, нейтралды территорияда, басқа жерде ойнайды деп шешім қабылданды. Көрерменді анықтау үстіндеміз. Бірақ кім екенін, қай жерде тұратыны туралы мағлұмат жоқ. Анықтағаннан кейін құқық қорғау органдарына арызымызды жазамыз. 

Құрылғанына бес жыл болған жас «Бейбарыстың» бүгінде жүлде қоры бай. Екі алтын мен екі күміс. Ал биыл қоладан үмітті. «Бейбарыс» командасының жанкүйерлері көрерменнің өрескел қылығына өкпелі. Сүйікті командасының "иммиджіне нұқсан келтіріп, жанкүйерлердің ойынды тамашалау бақытынан айырды" дейді. 

Андрей Кешишьян, «Бейбарыс» жанкүйерлер секторының мүшесі:

Мен монеталарды лақтырғанын көрген жоқпын. Төрешілер алқасының хаттамасынан оқып, білдім. Оны маған клуб директоры көрсетті. Әдетте біздің жанкүйерлер шет жақта отырады. Ойыншыларға да, төрешілерге де кедергі келтірмейміз. Көрерменнің әрекеті дұрыс емес.

Базаргүл ІЗІМОВА