Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды

AstanaTV
17.03.2014ж. 20:00
916
Қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды

Эквадордар суыт хабар. Кито қаласындағы ауруханада қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды. Эквадор астанасына ол «Astana Continental Team» командасының құрамында жаттығу жиынына барған. Жаттығулардың бірінен кейін спортшының басы ауырып, ол ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлағанбыз.

Дәрігерлер Ерланның тамыры үзілгенін айтады. Салдарынан ол инсультқа шалдыққан. Мамандар велошабандозды терең ұйқыға жатқызады. Алайда, өкінішке орай, оны өлімнен арашалап қала алмады. Қазір команданың әкімшілігі еліміздің Сыртқы Істер министрлігімен бірлесіп, Ерлан Пернебековтың денесін Қазақстанға жеткізу мәселесін шешіп жатыр.


Самат ҚАНАҒАТОВ
   

Алдыңғы жаңалық