Еліміздің оңтүстік және солтүстік облыстарында егіс науқанына дайындық жұмыстары жіті бақыланады. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Ақ ордада Ауыл шаруашылығы
министрі Асылжан Мамытбековты қабылдап, осы екі өңірде көктемгі тұқым себуді уақытылы және сапалы
жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз ету керектігін қадап айтты.
Өз кезегінде министр 2013 жылды қорытындылап, үстіміздегі жылдың
міндеттерін баяндады. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту және бірқатар салалық
бағдарламаларды іске асыру барысы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрге бірқатар нақты
тапсырмалар берді.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Елбасына биылғы жылдың көктемгі
егін жұмыстарына дайындық жайлы баяндама жасадым. Және де осы көктемгі егіс жұмыстарын толық
және уақытылы жүргізу жөнінде нақты
тапсырмалар берілді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА