$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Украина Ресейге өткен дүние мүліктерін қайтаруға бел буды

AstanaTV
19.03.2014ж. 10:00
1008
Украина Ресейге өткен дүние мүліктерін қайтаруға бел буды

Украина Ресейге өткен дүние мүліктерін қайтаруға бел буды. Бұл ақпаратты әділет министірі Павел Петренко хабарлады.

Нысандарды қалай қайтарасыз деген сұраққа Петренко: Украина және Еуропада «Газпромның» нысандары бар. Соларды өз қарамағымызға алуды жоспарлап отырмыз, - деді.

Ал бұл кезде Кырым халқы Ресей қарамағына өткенін тойлауда. Жергілікті тұрғындар енді Ресей тарапынан қаржылай көмек келетініне сенімді. Әзірге қанша сома бөлінетіні белгісіз.

Дегенмен, БАҚ өкілдерінің ақпаратынша, алдағы уақытта 15 млрд рубль көлемінде қаржы бөлінеді. Бұрын Украинаның қарамағында болған «Черномор нефтегаз», Украина темір жолы, 20-ға жуық әскери кеме және «Запорожье» сүңгуір қайығы Ресейдің қол астына өтеді. Сондай-ақ, көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Солардың бірі - Қырымда арнайы салық жүйесі құрылады.

Естеріңізде болса, 16-шы наурыз күні Қырым халқы өз таңдауын жасап, Ресейге қосылғандарын жариялады. Бұдан соң сарапшылар Ресейдің G-8 құрамынан шығарылуы мүмкін деген болатын. Бүгін Ангела Меркель РФ-ның үлкен сегіздікте қалатынын мәлімдеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ