Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібі өркендейді

AstanaTV
19.03.2014ж. 10:00
1317
Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібі өркендейді

Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібі өркендейді. Бұған өзбекстандық кәсіпкерлер қолдау көрсетпек. Бұл туралы Шымкентте көршілес елдің елуден астам ірі кәсіпорын басшылары қатысқан бизнес-форумда айтылды.

Шараның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайту. Екі жақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал етіп, өзбекстандық бизнесмендерді Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық потенциалымен таныстыру.

Жиын барысында ауыл шаруашылық саласы, жаңа құрылыс материалдарын өңдеу және тігін мен тоқыма кластерін дамыту жайы кеңінен сөз болды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы мақта егумен айналысатын бірден-бір өңір. Сондықтан да, Шымкентте жеңіл өнеркәсіпті жандандыруға барлық мүмкіндік бар. Арнайы экономикалық аймақ осы мақсатта салынған. Енді тек іске кірісу ғана қалып тұр. Бұл тұста өзбекстандық әріптестерден үйренеріміз аз емес, дейді отандық кәсіпкерлер.

Абзал Дәрібаев
, «Шымкент Инновация» ЖШС директоры:

Мақтаны өңдеп, дайын киім сату жағынан өзбектердің тәжірибесі мол. Сол тәжірибені ескере отырып, өзбектердің тартқан инвесторларымен бірігіп, дайын киім шығару. Кәсіпорындарын да ашу жағынан келіссөздер жүргіземіз.

Сергей Иващенко
, Өзбекстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі:

Біз бұл ретте қазақстандықтардың идеясын қолдаймыз. Мәселен, Алматыда біздің Сауда-өнеркәсіп палатасының бір үйі бар. Ондағы кәсіпкерлерге шағын және жеке кәсіпкерлікті дамытуда барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Ташкентте біздің 2 технопарк бар. Ол жақта да осы елдің іс қылам деген азаматтарына салынатын салықтар жеңілдетілген.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық