$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда 15 жасар жасөспірім өзін-өзі жарып жіберді

AstanaTV
20.03.2014ж. 10:00
1163
Алматыда 15 жасар жасөспірім өзін-өзі жарып жіберді

Алматыда жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша «Орбита-4» ықшам ауданында тұратын мүгедек өзін-өзі жарып жіберген. Гранатаның жарылуынан 1986 жылғы жігіттің денесі бөлшектеніп кеткен. Мұны алғаш жарылыс болған сәтте оқиға орнына келген көршілері де растап отыр.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға кезінде пәтерде жас жігіттен бөлек оның анасы болған. Алайда әйел өзге бөлмеде жүргендіктен, қатты зардап шекпеген. Жасөспірім 2 жыл бұрын төбелестің кесірінен жарымжан болып, мүгедектік арбаға таңылған екен.

Құқық қорғаушылар өздігінен жүре алмайтын жігіттің жарылғыш затты қайдан алғанын анықтауы тиіс. Жарылыс орнына келген саперлер өзге қауіпті жарылғыштарды таппаған. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында түнімен күштік құрылым өкілдері жұмыс жүргізді. Ал көп қабатты үйдің аумағын полиция қоршауға алды.

Татьяна, куәгер:

Сама лично видела, как он весь разорванный лежал. Весь в кусках. Нету тел
а вообще. Кругом мясо, ноги, руки валяются. Такой взрыв был, что разорвало его. Я слышал, что он читает намаз, здесь соседи об этом говорили.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ