$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Боинг бортындағы 20 жолаушы жасырын микрочиптер жасап шығаратын өндірістің қызметкері болып шықты

AstanaTV
20.03.2014ж. 13:00
841
Боинг бортындағы 20 жолаушы жасырын микрочиптер жасап шығаратын өндірістің қызметкері болып шықты

Ұшты-күйлі жоғалған малайзиялық «Боинг-777» ұшағына қатысты жаңа деректер. Екі апта бұрын жоғалған ұшақтың қалдығына ұқсас заттар Аустралия жерінен табылды. Бұл туралы Аустралия премьер-министрі Тони Эббот мәлімдеді.

Дегенмен, ұшақ сынықтары бұл мемлекеттің қай аймағынан табылғаны жасырын қалып отыр. Белгілі болғаны, жоғалып кеткен ұшақта болған 20 жолаушы заттарды радарларға көрінбейтіндей ете алатын чип шығаратын кәсіпорында жұмыс істепті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол - Фрискэйл Семикондуктор компаниясы. Фирма да ресми сайтында жоғалған ұшақта өз қызметкерлерінің болғанын растады. Осы орайда, ұшақ аспанған көтерілген сәтте рұқсат етілмеген тәжірибе жасалды деген ақпарат та пайда болды.

Тәжірибе бақылаудан шығып кетуі әбден мүмкін деген болжам бар. Істі тергеушілер ұшқыштың үйінде орналасқан авиасимулятордан өшіріліп тастаған файлдарды тапты. Қазір мамандар осы құжаттарды қалпына келтіруге тырысып жатыр.