Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда биылғы алғаш талдар отырғызылды

AstanaTV
20.03.2014ж. 13:00
1277
Алматыда биылғы алғаш талдар отырғызылды

Алматыда ағаш отырғызу науқаны басталды. Бүгін қаланың орталық және демалыс саябағында 200 түптен аса көшет отырғызылды. Оның ішінде 90 түп ағаш Тянь-Шань шыршасы, ал қалғаны - қайың мен шаған ағаштары.

Алматыны көгалдандыру мақсатында жыл сайын қалада 30 мыңға жуық көшет отырғызылады екен. Шаһар билігі оның 10 мыңын көктемде, қалғанын күзде отырғызуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында елеулі жұмыс атқарылуда. Осы уақытқа дейін 34 мың кәрі ағаш кесіліп, олардың орнына 100 мыңға жуық көшет отырғызылған. Ал жыл соңына дейін жасыл желек саны тағы 30 мыңға жуық көбеймек.

Еркебұлан Оразалин, Алматы қ. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

Көктемде 10 мың, қалғаны күзде. Жергілікті бюджеттің есебінен 77 мыңға жуық гүлдер егіледі. Жалпы, 
Алматы қаласы бойынша 200 мыңға жуық шаршы метрге гүлдер егілетін болады.