Бүгіннен бастап қазақстандықтар Наурыз
тойын атап өтуді бастап кетті. Ұлыстың ұлы күні қазақ үшін, күллі түркі тілдес
халықтар үшін орны ерекше мейрам.
Ол - күн мен түннің теңелуі, жаңа
күннің, жаңа жыл бастауының белгісі. Қыстан
қысылып шыққан жан-жануардың көкке аман жетуі,
жалпы тіршілік атаулының түрленуі. 2010 жылға дейін Қазақстанда Наурыз мерекесі ресми түрде наурыздың 22-сі күні ғана
тойланатын.
Ал қазір мейрам 21 мен 23 аралығында жалғасады. Бұл
күнтізбеде демалыс күндері. Алайда биыл ол күндер жұма мен жексенбі аралығына
түсіп отырғасын, алдағы аптаның 24-і мен 25-сі де жұмыс күні саналмай,
қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ