$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мереке күндері күн жылынып, нағыз көктем келеді

AstanaTV
21.03.2014ж. 10:00
2071
Мереке күндері күн жылынып, нағыз көктем келеді

Мереке күндері, яғни наурыздың 21-і мен 23-і аралығында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады.

Оңтүстіктен ескен жылы ауа мен солтүстіктен соққан суық ауаның әсерінен көптеген облыстарда атмосфералық жағдай күрделеніп, бұлтты ауа райының сақталуына әкеп соғады. Көктем шуағына бөленіп жүрген оңтүстік халқының жаңбырдан қарғануына тура келеді. Ал 21 наурыз күні таулы аймақтарда жауын нөсерлетеді.

Ал астаналықтар нағыз көктемгі жылылықты сезінбек. Жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы күндері ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы -2 градус шамасында болса, 0 +3°С болады.

Илхам ИБРАГИМ