Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандықтар Наурыз мерекесін атап өтуде

AstanaTV
21.03.2014ж. 10:00
545
Қазақстандықтар Наурыз мерекесін атап өтуде

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Наурыз тойын атап өтуді бастап кетті. Ұлыстың ұлы күні қазақ үшін, күллі түркі тілдес халықтар үшін орны ерекше мейрам.

Ол - күн мен түннің теңелуі, жаңа күннің, жаңа жыл бастауының белгісі. Қыстан қысылып шыққан жан-жануардың көкке аман жетуі, жалпы тіршілік атаулының түрленуі. 2010 жылға дейін Қазақстанда Наурыз мерекесі ресми түрде наурыздың 22-сі күні ғана тойланатын.

Ал қазір мейрам 21 мен 23 аралығында жалғасады. Бұл күнтізбеде демалыс күндері. Алайда биыл ол күндер жұма мен жексенбі аралығына түсіп отырғасын, алдағы аптаның 24-і мен 25-сі де жұмыс күні саналмай, қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ