$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Геннадий Головкин Флойд Мейвезердің ықтимал қарсыластарының тізімін бастады

AstanaTV
03.05.2016ж. 20:00
1393
Геннадий Головкин Флойд Мейвезердің ықтимал қарсыластарының тізімін бастады

Геннадий Головкин Флойд Майвезермен кездесуі ықтимал боксшылардың тізімін бастап тұр. Рейтингке Мэнни Пакьяо, Кит Турман - Шон Портер жекпе-жегінің жеңімпазы, Дэнни Гарсия, кіші Эррол Спенс және британдық Келл Брук еніп отыр. Еске салайық, бес бірдей салмақ дәрежесіндегі экс-әлем чемпионы Флойд Майвезер, жеке табысы 100 миллион АҚШ ақшасы болған күнде, рингке қайта шығуы мүмкін екенін айтқан-ды.



«Лестер» клубы ағылшын премьер-лигасының тарихында алғаш рет Англия чемпионы атанды. Көп күткен чемпиондықты клубқа Чэлси-Тоттенхем жекпе-жегінің қортындысы алдын-ала сыйға тартты. «Лестер» үшін Чэлсидің тең ойыны жеткілікті еді. Алайда ойынның бірінші кезеңінде Тоттенхем екі доп айырмасымен алға шығып, Лестердің жанкүйерлерін біраз уайымға салды. Үзілістен кейін Чэлси ойыншылары есепті теңестірді. Тартысты ойында 11 сары қағаз көрсетілді. Осылайша, Тоттенхем Чэлсиге есе жіберу әдетіне қайта басып, АПЛ тарихында 25-ші рет ұтылды. «Лестер» клубы чемпиондығы үшін 190 миллион еуро өтемақы алуы тиіс.



Ал қазақстандықтар тәуелсіздік марафонына шықты. Алматы облысының Қарасай ауданында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» атты марафон өтті. 

Ғалия Аманова, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

Еліміздің болашағы еліміздің жақсы дамуы дені сау ұрпақтың қолында. Сондықтан да деніміз сау болу үшін, бұқаралық спортты дамытуымыз керек. Бұл біздің жастарымыздың бойында спортқа деген қызығушылықты дамыту. Әрі денсаулық. Денсаулықты нығайтудамыз.

10 шақырымдық марафонға қатысушыларға мәреде дипломдар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ